Тыйым амалдар
Тыйым амалдар

Күнәдан сақтану жәннатқа жетелейді

Рамазан айында ораза ұстау пендені жан-жақты тәрбиелейді. Тіпті, мұсылман адам ораза уақытында өзін тек ішіп-жеуден ғана тыюмен шектелместен барынша күнә істерден де бойын аулақ ұстауға тырысады. Ораза кезінде сауапты амалдарды көп жасап, күнә істерден мейлінше тыйылғанымыз жөн.

Себебі, бұлай жасау адамды рухани кемелдендіріп, ораза айынан кейін де күнә әрекеттерден сақтануға жол ашады. Осыған орай, төменде үлкен-кіші күнәлардың біршамасын келтіріп, назарларыңызға ұсынудамыз.

- «Алла кешіреді ғой» - деп күнә істерді істей беру – күнә.
- «Ол айтты» - деп, Алла айтпаған сөзді айту – күнә.
- «Ол айтты» - деп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтпаған сөзді айту – күнә.
- Адамдар жүретін жол үстінде дәретке (қажетке) бару – күнә.

- Ақыретті ұмытып, осы өмірде ұзақ өмір сүруді тілеу – күнә.
- Алған діни білімді басқалардан жасыру – күнә.
- Алла жайында жаман ойлау – күнә.
- Алланы, ақыретті ұмыту – күнә.
- Алланың тағдырын мойындамау – күнә.

- Адам өлтіру – күнә.
- Азат адамды, өзіне қызмет ету үшін құл етіп алу – күнә.
- «Бұл маған бір пайда келтірер» - деп түрлі заттарды (үкі, қасқыр тісі, көздері бар моншақ, адыраспан, қасқыр терісі т.б.) денеге тағу немесе үйге, көлікке іліп қою – күнә.
- Басқа бәлекет келгенде өзіңе өлім тілеу – күнә.
- Әдейі, намазды уақытынан ертерек, не кешірек оқу – күнә.
- Әйелдің жалғыз өзі арына қауіп төнетін жерге шығуы – күнә.
- Әурет (ұятты) жерлерді ашып жүру – күнә.

- Басқалардың айыбын іздеумен тыңшылық ету – күнә.
- Бауырыңның айыбын көпшілік алдында жария ету – күнә.
- Бөтен адамның ата-анаңды балағаттауына себепші болуың – күнә.
- Бұл жалған дүниемен риза болып, онымен жан тыныштығын табу – күнә.
- Ғалымдарды қорлау – күнә.

- Дара иелік ету (монополия) – күнә.
- Денені сурет-жазулармен әшекейлеу (татуировка) – күнә.
- Діни ілімдерді дүние байлықтарына қол жеткізу үшін үйрену – күнә.
- Егер намаз оқуыңа шашка ойындары секілді нәрселер кедергі етсе, оны да ойнау – күнә.
- Екі кісі арасындағы әңгімелерді жасырын тыңдау – күнә.
- Ер адамдарға жібектен жасалған киім кию, алтыннан жасалған әшекей тағу – күнә.

- Ерлі-зайыпты емес, жақын туыс болмаған әйел адаммен ер адамның оңаша қалуы – күнә.
- Ешбір ұялмастан ашық түрде күнә жасайтын құран оқитындар (қари) мен шариғат білушілермен (фақиһ) бірге отыру – күнә.
- Жалған ақша басып шығару – күнә.
- Жасаған күнәнің кешірілуіне Алланың мейірімінен үміт үзу – күнә.
- Жұма намазын ешбір себепсіз оқымау – күнә.

- Жалған ант беру, жалған куәлік ету – күнә.
- Жануарларды бір-бірімен төбелестіру – күнә.
- Жұқпалы ауру тараған елді-мекеннен басқа жерге көшу – күнә.

- Зинақорлықтың барлық түрі – күнә.
- Істеген күнә іске мәз болу – күнә.
- Істеген құлшылық-ғибадаттарың үшін біреу сені мақтағанын қалауың – күнә.

- Ішімдік (қай түрі болса да), наша, темекі, қан, өлексі, шошқа етін пайдалану – күнә.
- Ізгі адамдарды сыйламау, оларды жек көру – күнә.
- Киген киімде, сөздерінде ерлердің әйелдерге, әйелдердің ерлерге ұқсас болғысы келуі – күнә.
- Күйеудің хайызы бітпеген әйелімен төсек қатынасына баруы – күнә.
- Күнә жасаған соң Аллаға тәубе етпеу – күнә.
- Күнәһарларды жақсы көру – күнә.
- Кіші дәреттің (зәр) тамшылары киімге тиюден сақтанбау – күнә.
- Кіші күнәларды үнемі жасау – күнә.
- Қалай болса да қарсыласын жеңу үшін онымен қырсыға қарсыласу – күнә.

- Қайтаруға мүмкіндік жоқ екенін біле тұра қарыз алу – күнә.
- Құмар ойындар ойнау (нарды, қарта, ойын автоматтары т.б) – күнә.
- Құраннан жаттаған аяттарды ұмыту – күнә.
- Қыз бен жігіт арасындағы махаббат жайында өлең шумақтарын жазу – күнә.
- Мән берместен Алланың ашуын келтіретін түрлі сөздер айту – күнә.
- Мұсылман бауыр жайында жаман ойлау – күнә.

- Мұсылман бауырға «кәпірсің» деп айту – күнә.
- Мұсылман бауырды қорқыту – күнә.
- Мұсылман болмаса да, көршіге зиян тигізу – күнә.
- Мұсылман бауырға қарғыс айту – күнә.
- Мұсылманға атына кір тигізетін өлең шумақтарын жазу – күнә.
- Өз баласынан бас тарту – күнә.
- Өз тегіңді ұрысып, жамандауың – күнә.
- Өзіңнің білімділігіңді басқаларға көрсету мақсатында тәкаппарлана басқа біреумен қарсыласуың – күнә.
- Өтірік арқылы көздеген мақсатқа жету – күнә.
- Өтірікке толы өлең шумақтарын жазу – күнә.
- Өтірікті айтып, біреумен қарсыласу – күнә.

- Өз-өзін өлтіру – күнә.
- Өлгеннің артынан жоқтау айтып қайғыру, сондай жерлерде отыру – күнә.
- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) аты аталғанда оғын салауат айтпау – күнә.
- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының (Алла олардан разы болсын) бірін жамандау – күнә.
- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне ермеу – күнә.

- Пайыз, өсім арқылы пайда табу – күнә.
- Пара алу мен беру – күнә.
- Су ішіп, тамақ жеуге алтын, күміс ыдыстарды пайдалану – күнә.

- Саған жақсылық жасаған адамға алғыс білдірмеу – күнә.
- Сақалды қара түске бояу – күнә.
- Сиқырлықпен айналысу – күнә.
- Сиқыршыға, балгерге бару – күнә.
- Сот қызметінде істеп, біле тұра әділсіз шешім қабылдау – күнә.
- Сөз тасу – күнә.
- Сүндетке отырмау – күнә.

- Тәкаппар жүріспен жүру – күнә.
- Уақытты балағаттау – күнә.
- Уәдені орындамау – күнә.
- Үйренген білімге тиісінше амал етпеу, жақсы істерді жасамау – күнә.

- Ұрлық – күнә.
- Харамға, мәкрүһке, бидғатқа еру – күнә.
- Шашты бөтен шашпен (парик) жалғастырып ұзарту – күнә.
- Нәпсі қалауларыңды қоздыратын музыка тындау – күнә.

Дайындаған Берікбол ЖАНАҚ

Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
1 год назад 1088
4 комментария
  • орны-орнына қойғандай етіп немесе қолға ұстатқандай етіп жіпке тізіп беріпсіз, алла разы болсын, осындай кеңестер көп болса...
    1 год назад
    • Ари озиме, ари озгеге пайдасы тисе, сол жаксы иншаАлла.
      Пикир жазганынызга рахмет.
      1 год назад
  • Осыларды ұмытпай сақтанып амал етуге жазсын. Алла разы болсын!
    1 год назад
  • Алла разы болсын. Кандай керемет канатты создер...
    1 год назад