Шектен шығып кетпейік!
Шектен шығып кетпейік!

Шектен шығып кетпейік!

«Зинаға (қандай түрі болмасын) жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол» («Бақара» сүресі, 32-аят).

Алла алдында шариғи түрде некелесусіз ер мен әйелдің жақындасуы үлкен күнә болып есептелетін зинақорлықпен күресіп жүргеніміз бар еді. Соңғы уақытта көп естіп жүрген гомосексуалдылар мен лесбийшілер пайда болды.

Гомосексуалдылық – адамның өзіменен бір жынысты тұлғаға эмоционалдық немесе сексуалдық сүйсіну, бір жынысты адамдардың табиғи заңнан тысқары жақындасуы. Бұл термин ер адамдарға ғана қолданылады. Әйелдер арасындағы өзара жақындасуды – лесбийшілік деп атайды. Гомосексуалдылық  та, лесбийшілік  те зинақорлықтың ең арсыздығы әрі жиіркеніштісі. Алла сақтасын!

Алла Тағала Құран Кәрімнің «Шұғара» сүресі, 165,166-аяттарында былай дейді: «Дүниеде (әйелдер баршылық болып) еркектерге қосыласыңдар ма? Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер».

Жоғарыдағы аяттан байқайтынымыз, бұл жиіркенішті істің тамыры тарихта жатыр. Яғни, бұрынғы өткен қауымдарға барып тіреледі. Нақты айтатын болсақ, бізге дейінгі Лұт пайғамбардың қауымы тура жолдан осылай адасқан. Алланың кәләмі Құран Кәрім ақыретке дейін өз үкімін (шариғи күшін) еш жоғалтпайтыны баршамызға мәлім. Сондықтан Құрандағы Алла келтірген Лұт пайғамбардың қауымына айтылған сөздер мен оларға жіберілген қатты азап біздерге де тікелей қатысы бар деуімізге әбден болады.

«...Сосын қалғандарды да жоқ еттік. Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің (тастан болған) жаңбыры нендей жаман! Расында мұнда бір ғибрат бар» («Шұғара» сүресі, 172-174-аяттар).

«Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған. Расында оларға тас жаудырған боран жібердік». («Қамар» сүресі, 33,34-аяттар)

Алла Тағала Лұт пайғамбарды Содум қауымына ескертуші пайғамбар етіп жіберген. Содум қауымы болса, әбден бұзылып щектен шыққан қауым еді. Еркектері еркектермен жақындасып, әйелдері өз-өздерімен қалып азғындық қылықтарға барған. Лұт пайғамбар оларға уағыз айтып, тура жолға шақырғанымен райларынан қайтара алмады. Соңында Алла тағала Лұт пайғамбар мен жанұясын бұзылған қауымнан құтқарып, шайтани жолға түскен Содум елді-мекеніне үстерінен тас жаудыртып бәрін бір мезетте жоқ етті.

Соңғы кезде құлағымызға жиі шалынатыны мына мемлекет бір жынысты некені заңдастырды, басқа мемлекеттің азаматтары заңдастыруға әрекеттеніп үлкен шеру ұйымдастыруда. Жақында жаңалықтардан әлемнің 16 мемлекеті бір жынысты некелесуді заңдастырып қойғанын естігенімде жағымды ұстадым.

XXI-ғасыр басталғанда, жаңа ғасырда жаңа жетістіктерге жетеміз иншаАлла деп әлем болып бәріміз қуанған сияқты едік. Бір жынысты некелесуді алғашқы болып Нидерланды мемлекеті 2001 жылы заңдастырып қойыпты. Нидерландыдан «артта» қалып қоймау үшін, демократия ұғымын қолданып алдынғы дамыған ел болғысы кеп жүрген Испания, Канада, Швеция, Норвегия, Португалия, Исландия т.б мемлекеттері бір жыныстыларға некелесуге болады деп заңнамаларына бекітіп қойды. Тіпті күн санап мұсылмандар саны өсуде болған Франция мен Бельгиялар да солардың қатарына қосылуда. Негізінде дамыған ел қатарында болу үшін зинақорлықты заңдастырып, зинақорлықпен айналысу керек деп ешбір жерде жазылмаған. Жетістікке жеткеніміз осы екен.

Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл іспен айналысушы (жақындасқан) екеуін де өлтіріңдер», - деген (Әбу Дәуід, Тирмизи).

Қазір демократия ғой. Таңдау-ерік, сөз бостандығы бар емес пе?! Гиннес рекордтары кітабына тіркелу мақсатында Бразилия мемлекетіне жақын орналасқан Сан-Паулу елді мекенінде, жақында ғана қызтекелер-шеруіне (гей-парад) 3,5 млн адам қатысыпты. Егер бәріміз жаппай бір жынысты некелесуге өтетін болсақ, ұрпақты кім жалғастырады? Дүниеге сәби қайдан келеді?

Біреу бұл айтылып жатқан тақырып біздің елімізге қатысы мүлдем жоқ деп ойлауы мүмкін. Бір қалада оқып жүргенімде қала көшелерінде ер еркекпен, қыз қызбен қол ұстасып, бір-біріне сексуалдық сүйсіну сезімімен жабысып жүргендердің бірнешесіне куә болдым. Сіздер де көрген боларсыздар.

Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Лұт пайғамбардың қауымы жасаған (жиіркенішті, жаман) ісімен айналысқанды Алла лағынеттейді», - деген (Нәсәи, Ахмад).

Ибн Аббас (Алла одан разы болсын) хадисте Лұт пайғамбардың шектен шыққан қауымына Алланың жіберген азабын суреттеп: «...Түннің бір уақытында олар жер мен аспан арасындағы бір қашықтыққа дейін көтерілді. Олар тіпті аспандағы құстардың дауыстарын естіді (ал аспандағылар иттердің үрген дауыстарын естіді). Сонан соң оларды төңкеріп тастап, үстерінен әрқайсысын өлтіретін тас жаудырылды. Елді мекеннен қашып үлгергендердің өздері қанша тығылғанмен бұл азаптан құтыла алмады...».

«Әйелдердің бір-бірін сүюі (ер кісі мен әйелдің арасында ғана болатын сезім) ол да зинақорлық» (Табарани).

Жағдай осылай. Әрине мұсылман қоғамында, әсіресе Қазақстан жерінде осындай жиіркенішті істің болмайтынына, мұндай істерге жол берілмейтініне біз шынайы сенеміз. Біздерді бұл бәлекеттен сақтасын деп Алладан дұға етіп сұраймыз. Өзіміз де зинақорлықтың қай түрі болмасын, бәрінен аулақ болуымызға амал етейік.

Дайындаған Берікбол ЖАНАҚ

Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
2 года назад 775
2 комментария
  • Шектен шыққан былай тұрсын, мұндай нәрсені айтдың қандай жиіркенішті. Бірақ, өкініштісі, осындай жаман қылықтардың төбе көрсетіп, төніп келе жатқаны алаңдатады.
    2 года назад