Матуриди мәзһабының жарқыраған жұлдызы!
Матуриди мәзһабының жарқыраған жұлдызы!

Омар ибн Мұхаммед ән-Нәсәфи

 

         Толық аты Әбу Хафс Нәджм әд-дин Омар ибн Мұхаммед ибн Ахмед ибн Исмаил ибн Лұқман ән-Нәсафи. Хижри жыл санауы бойынша 461-537жж, миләди күнтізбесі бойынша 1068-1142 жылдары өмір сүрген. Өзбекістандағы Нәсәф қаласында, қазіргі Қаршы мекенінде дүниеге келген. Бірақ өмірінің біраз уақытын қаласында өткізген. Сол себепті өзінің есіміне тіркес сөз болып, бүкіл әлемге танымал ән-Нәсәфи деп аталып кеткен. «Нәджм әд-дин» Омардың лақабаты, қазақшаға аударылғанда діннің жұлдызы шырағы деген мағынаны білдіреді. Қалың жұрт арасындағы қаншалықты танымал болғанын осыдан-ақ байқауымызға болады. Сондай-ақ оның екінші лақабаты «Муфти сәқаләйн».

         Омар ибн Мұхаммед ән-Нәсәфи сенімде (ақида) матуриди, фиқһ ілімінде Әбу Ханифа мазхабында болды. Ол өз заманында фиқһ пен ақида негіздерінде (Усуль ақида) ұлы ғалым дәрежесіне дейін жеткен тұлға еді. Осыған орай, мұсылман әлемінде бүгінге дейін кең таралған, аса танымал «Ақида ән-Нәсәфийа» жазылған еңбек бар. Кейінгі уақыттарда тіпті «Ақида ән-Нәсәфийаға» басқа да ғалым-ғұламалар түсініктеме (шарх) том-том кітартар жазған болатын. Омар ибн Мұхаммедтің туған жері Нәсәф қаласы Жейхун мен Самарқандтың арасында орналасқан. Ол Нәсәфта өзінің балалық шағын өткізді. Кейін өсе келе туған қаласын қалдырып білім-ғылым іздеп алыс сапарға шығады. Сол білім жолында әуелі Бағдатқа барып, одан кейін Меккеге ат басын тірейді. Меккеде әйгілі тәпсірші Жаруллах әз-Зәмахшари ғалыммен кездесіп одан біраз тәлім алады.

Омар Бағдатта және Меккеде болған кезде сол замандағы көп ғалымдармен жүздесіп, дәріс алып өз білімін жетілдірген. Оның (Омар ибн Мұхаммедтің) соңынан ерген шәкірттерінің айтуларынша, Омардың өзі оларға айтқандай 550 ғалым-ұстаздардан (шейхтерден) дәріс алған екен. Тіпті, бұл айтқан сөзі өтірік еместігінің айғағы ретінде, Омар көзі тірісінде «Тағдад шуюх Омар» атты өзінің ұстаздары туралы бөлек кітап-жинағын жазып қалдырыпты. Сол ұстаздарының қатарында Әбу Мұхаммед ән-Нухи, Әбу әл-Иусра әл-Бәздәуи, Әбу Әли ән-Нәсәфи, Мәһди ибн Мұхаммед әл-Ульуи және т.б. Омар ибн Мұхаммед өте тақуа кісі болып, фиқһ, ақида ілімдерінен бөлек қосымша тәпсірді, хадисті, ислам тарихын, араб тілі мен әдебиетін жетік меңгерген.

         Омардан тәлім алған шәкірттер саны аз болмады. Оның шәкірттерінің арасында кейінірек үлкен ғалым дәрежесіне жеткендері де болды. Олар: Әбу әл-Ләйс Ахмед ибн Омар (біз қарастырып отырған ғалымның өз ұлы), ханафи фиқһ кітабының авторы Әл-Марғинани Әли ибн Әбу Бәкір ибн Абдул Жәлил және тағы басқалар. Омар ибн Мұхаммед 100-ге жуық көптеген кітаптар мен ғылыми еңбектерді жазып кеткен. Оның жазған кітаптарынан бізге деін жеткен танымал кейбір кітаптарын тізбектеп көрсек: «4 томдық тәпсір кітабы «Әкмәл Атуаль», «Әт-тәйсир фи әт-тәфсир», «Әл-ақаид ән-нәсәфийә» осы кітапқа көптеген түсіндірме-шарх кітаптары жазылған, солардың қатарында Тафтазани жазған шархы өте жақсы жазылған делінеді, «Низам әл-жәмиғ әс-сағир», т.б. еңбектер бар.

         Омар ибн Мұхаммед ән-Нәсәфи Самарқандта 537/1142 жылы бақилық болды. XI ғасыр соңы мен XII ғасыр басында өмір сүрген Омар ибн Мұхаммед кітаптар жазды, шәкірттер дайындады, ислам әлемінде өзіндік бір есте қаларлық із қалдырды. Алла оны рахым етсін, Алла ол кісіге разы болсын.

 

Дайындаған  Берікбол ЖАНАҚ

p.s: like and share

https://www.facebook.com/abdulaziz.iskendir

 

Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
2 года назад 683
5 комментариев
  • Алла разы болсын. Жақсы мəліметтер беріпсің.
    2 года назад
    • Бүгін Қасиетті жұма күнінде Елімізде барлық мешіттерде Матуриди мәзһабы жайында айтылган еді. Сөйтіп, осы жазған мақаламды сіздекрде жариялауды жөн көрдім. Осыдан 2 ай бұрын жазған бұл мақаламды еліміздегі бір ислами танымдық сайтқа ұсынған едім. Жазғанын онша емес, мәліметін тым кедей, толықтыр, пісір деп қайтарып жіберген болатын...
      2 года назад
      • Аға, сіздерге де Алла разы болсын! Осы блог жобасы өте ұтымды әрі бәріне пайдалы керемет жоба. Алла жемісін берсін.
        2 года назад
  • Рахмет!
    2 года назад
  • Ол кісіден Алла разы болсын!
    2 года назад