Сабырлық
Сабырлық

Сабырлықтың 3 түрі бар:
- бәлекетке сабырлық;
- құлшылық етуге сабырлық;
- күнә істемеуге сабырлық.

Бәлекетке сабырлықтың үш түрі болады:
1 - Алладан сауапты үміт ету. Қандай да бір қиындық келсе, оған көркем түрде сабырлық танытып, Алладан сауап-сый күту. Алла Тағала Құран Кәрімде: "Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады", деп уәде еткен.
Бір ғибадатшыл әйел келе жатып, сүрінеді де саусағын сындырып алады. Соған қарамастан дереу күле қалады. Қасындағылар таңқалып әлгі әйелден: "Саусағыңды сындырып алып, күлненің несі?" деп сұрайды. Сонда ғибадатшыл әйел оларға: "Сауаптың тәттілігі, ауырғанның ащылығын ұмыттырды", деп жауап берген екен.
2 - Сабырлық таныта отырып жеңілдікті күту. Осыған байланысты бір шайыр өлең жолдарымен:
"Әй, қайғырушы!
Қайғы сейіледі.
Жақсы болады деп қуан,
Жеңілдік беруші бір Аллаң!
Үмітіңді үзуші болмағың,
Жағдайыңды түзетуші бір Аллаң!
Расында Алла қиындықты жеңілдетеді,
Еңсеңді түсірме, жеткізетін, жеткілікті ететін тағы сол Хақ Аллаң! - деп жырлап өткен.
3 - Сабырлық нығметті еске түсіреді. Қиыншылыққа тап болған адам бірден Алланың өзіне берген нығметтерін еске алсын. Санына жете алмайды. Сонда басына келген бәлекеттің теңіздегі бір тамшыдай түк емес екендігіне көзі жетеді. Алла Тағала Құран Кәрімде: "Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар", дейді.

Құлшылыққа сабырлық ету дегеніміз:
1 - Құлшылықты үнемі жасау. Намазы болсын, оразасы болсын, қандай да бір құлшылық амалдарда тұрақтылық таныту, яки үнемі орындау.
2 - Құлшылықты шынайы ықыласпен орындау.
3 - Құлшылықты біліммен орындау. Құлшылық жасағанда, діни білімді үнемі тереңдетіп, арттырып отыру қажет.

Күнә жасамауға сабырлық ету.
Күнә жасамауға сабырлық етудің екі себебі мен бір пайдасы бар. Себебіне тоқталатын болсақ:
1 - Күнә жасаған үшін болатын Алланың жазасынан қорқу.
2 - Күнә іс істеуге Алладан ұялу. Ұялып істемеген қорқып істемегенге қарағанда абзалырақ делінеді. Өйткені күнәні ұялып істемеген пенде тікелей Алланың алдындағы жауапкершілігін толық сезінсе, ал екінші азапталып қалмайын деп қорыққаннан күнә ісістемейді.
Күнә істемеудің пайдасы - иманның беріктігінде. Момын мұсылман күнә жасаған сайын оның иманы әлсірей береді. Діндегі күш-қуаты әлсірейді. Жүрегіндегі, жүзіндегі нұры кетеді.

©️ Б. Жанақ (ауд)

Сабыр, сабырлық, дін, насиxат, ғибрат, құлшылық, күнә, сауап, бәлекет, сынақ
Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
13 күн бұрын 510
0 пікір