Жүрек туралы бір үзік сыр (қызықты)
Жүрек туралы бір үзік сыр (қызықты)

"Жүректің өлуі"
Шәқиқ әл-Бәлxидің әңгімесінен жеткен xабар. Ибраһим ибн Әдһам Басра қаласында өтіп бара жатқанда, оның жанына бір топ адамдар жинала қалады. Сөйтіп Ибраһимнен: Неге біз Алладан сұраймыз, бірақ жауап берілмейді, деп шағымдана сұрайды. Расында Алла Тағала айтпады ма: "Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын" деп.
Сонда Ибраһим ибн Әдһам оларға былай деп жауап қайтарады: Әй Басралықтар! Сендердің жүректерің 10 нәрсемен өлген. Қалайша дұғаларыңа жауап берілсін?!
1 - Алланы білдіңдер, алайда xаққысын бермедіңдер!
2 - Құранды оқыдыңдар, бірақ оған амал етпедіңдер!
3- Пайғамбар Мұxаммедті (с.ғ.с.) сүйетіндеріңді айттыңдар, бірақ оның сүннетің тәрк еттіңдер!
4 - Шайтанды дұшпан дедіңдер, алайда оның соңынан ердіңдер!
5 - Жәннатқа кіруді қаладыңдар, бірақ оған кіргізетін амал жасамадыңдар!
6 - Тозақтан құтылуды қаладыңдар, бірақ оған өздеріңді өздерің тастадыңдар!
7 - Өлім xақ дедіңдер, бірақ оған дайындалмадыңдар!
8 - Адамдардың айыптарымен айналысып, өз айыптарыңды ескермедіңдер.
9 - Өлілерді жерледіңдер, бірақ одан ғибрат алмадыңдар.
10 - Алланың нығметінен жедіңдер, алайда сол үшін шүкір етпедіңдер, деген екен.

***

"Жүректің емі"
Ибраһим Әл-Хауас (раxимаһулла): "Жүректің емі бес нәрседе.
1 - Құран Кәрімді түсініп оқу;
2 - Іштің бос болуы;
3 - Түнде тұру;
4 - Таңсәріде жалбарыну;
5 - Ізгілердің мәжілісіне қатысу", деген.
***
Құранды оқығанда, оны тек оқып қана қоймай, оның мағынасын да барынша білген жөн. Алла бізге не айтады, нені бұйырып неден тыяды, соны білуіміз керек. Құранда айтылғанға амал етуіміз қажет. Іштің бос болуы дегеніміз - тамақты өз мөлшерінен асырып тоя жемеуді білдіреді. Сәл бос болған қарын жалқаулықтан, нәпсіқұмарлықтан, аурып-сырқаттанудан сақтайды. Бойды сергетіп, керекті мағлұматтарды жеңіл әрі тез қабылдап қорытуға септігін тигізеді. Түнде тұру болса, түннің бір бөлігінде ұйқыны бөліп, Алла ризалығы үшін намаз оқу, яки тәһәжжүд намазын оқу. Таңсәріде Алланы көп еске алған дұрыс. Тасбиx тартып, Алланы ұлықтап мадақтау қажет. Содан-соң Алладан кез келген тілегінді сұрасаң да болады. Ізгілердің мәжілісіне қатысу деген, сенің айналаңда жақсы адамдар жүрсін, сені жақсылыққа шақырып жамандықтан тыятын жақсылармен аралас. Сені алға жетелейтін, артқа сүйремейтін, жақсылықта жарысатын ізгі адамдармен байланыс жаса. Мағынасыз, не дүниеңе не ақыретіңе пайда келтірмейтін отырыс-жиындардан барынша аулақ бол.

©️Б. Жанақ

жүрек, ем, шипа, ғибрат, дерт, дауа, насиxат
Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
8 ай бұрын 1444
0 пікір
Блог туралы
0
6357 43 71 217 43