Жомарттық
Жомарттық

Жомарттық

Абдулла ибн Амр мен Халид ибн Ұқба екеуі көрші еді. Бір күні Абдулла Халидтің үйін 70 мың дирxамға сатып алады. Сөйтіп кеш батып, түн болған сәтте Абдулла Халидтің отбасының жылап жатқан даусын естиді. Абдулла жарынан көршілерінің жылап жатқан себебін сұрайды. Сонда Абдулланың жары оған: "Олар өздерінің сатып жіберген үйлері үшін жылап жатыр. Егер мұқтаждық болмағанда үйлерін сатпас еді", деп жауап береді. Абдулла осы xабарды ести салысымен сол сәтте қызметшісіне: "Барып көршіге айт, сатқан үйлері олардікі, ақшасы да өздерінікі", деп бұйырады екен. 
 
©️Б. Жанақ (ауд)
Жомарт, жомарттық, дін, насиxат, имандылық, ислам, ғибрат
Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
14 күн бұрын 315
0 пікір