Истиғфар айтудың артықшылығы
Истиғфар айтудың артықшылығы

Хасан Басри бір күні шәкірттеріне сабақ беріп жатқан кезде бір кісі келіп: "Уа Хасан Басри, менің егістігім бар еді, ол өспей жатыр және жаңбыр да жаумай жатыр - дегенде, Хасан Басри оған: "Истиғфар (Алладан кешірім сұра) айт", дейді. Кейінірек екінші кісі келіп: - Менің соңымнан тегімді жалғастыратын ұрпағым жоқ - дегенде, Хасан Басри оған: "истиғфар айт", дейди. Үшінші кісі келіп, озінің кедейлігіне, тұрмысының таршылығына шағымданғанда, Хасан Басри оған да "истиғфар айт", деп бұйырады.
Сонда Хасан Басринің шакірттері: - Уа ұстаз! Үш кісі үш түрлі уәжбен келсе, сіз олардың үшеуине де бірдей "истигфар айт деп жауап бердіңіз" деп таңқалып себебін сұрағанда, Хасан Басри шәкірттеріне: "Сендер Алла Тағаланың "Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы. Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді. Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады.” деген аятын естімедіңдер ма", деп жауап береді".

©️ Б. Жанақ (ауд)

ислам, тәубе, дін, ғибрат, кешірім, истиғфар, насиxат
Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
3 ай бұрын 896
0 пікір
Блог туралы
0
6357 43 71 217 43