Алла Елшісі с.а.у.: "Алла ол әйелді істеген жақсылығымен тозақтан құтқарады"...
Алла Елшісі с.а.у.: "Алла ол әйелді істеген жақсылығымен тозақтан құтқарады"...
Пайғамбарымыз с.а.у. Абу Бәкір р.а. екеуі Меккеден Мединеге хижрет жасайын деп жатқанда, Абу Бәкір Сыддық р.а. үйіндегі  5-6 мың дирхам бар ақшасын Алла жолында жұмсаймын, жол сапарға керек болады, Пайгамбарға с.а.у. қажет болып қалар деген ниетпен өзімен жолға алып шығады. Сөйтіп Абу Бәкірдің р.а. уйіне оның әкесі Абу Қахафа келеді. Ол үй іші жағдайын көріп, өзінің немересі Абу Бәкірдің қызы Асмаға р.а.: Әкең үйде саған ештене қалдырмаған сияқты ғой, деп уайымдай бастаған сәтте, Асма р.а. әкесінің ақша сақтайтын қоржынына тастарды салып, бетін жауып, атасына сол қоржынды ұстатады да: "Жоқ, міне ақшаның бәрі осында жатыр", деп атасының уайымы басылсын деп осындай әрекетке барады.
***
"Хузайфадан р.а.: Алла Елшісінің с.а.у. былай дегенін естідім: "Сендерге дейін қауымда бір кісі дүниеден өтер кезде оған періштелер келіп: "Сенің осы өмірде жасаған бір жақсылығын бар ма?", деп сұрайды. Сонда әлгі кісі әрі ойланып бері ойланып, ойына жасаған жақсылығынан ешнәрсе келмей қояды. Сол кезде періштелер оған: "Жақсылап ойланып мумкін ойыңа бір жақсылық болса да есіңе түсірерсің?" деген кезде. Әлгі кісі: "Менің істеген жақсылығымнан ештене ойыма түспей қойды, бірақ келесі амалымды айтайын. Мен анаған-мынаған қарыз беретінмін, сөйтіп маған қарыз болғандарға қарыз қайтару уақыттарын шегендіретінмін немесе тіпті кешіре салатынмын", дейді. Сол сәтте Алла Тағала ол пендеге: "Сен адамдарға жеңілдік жасап жақсылық жасапсың, алайда Біз (Өзінің ұлылығын білдіртіп) сенен де көбірек жақсылық жасаушымыз", деп ол пендені жәннатқа кіргізген".
***
Бір куні Аиша р.а. анамыздың уйінің есігін қағып екі кішкентай қызы бар міскін әйел келеді. Аиша р.а. есікті ашқанда, міскін әйел Аиша анамыздан 3 күн бойы нәр татпағандығын айтып, жейтін бір нәрсе беруін сұрайды. Сонда Аиша анамыз үйге кіріп әрі іздеп бері іздеп, 3 құрмадан басқа беретін ешнәрсе таппайды. Сосын сол 3 құрманы үйден алып шығып әлгі сұрап келген әйелге береді. Міскін әйел екі құрманы екі қызына беріп, үшінші құрманы өзі енді жейін деп жатқанда, өз құрмаларын жеп тауысқан екі кішкентай қыз анасының қолындағы құрмага аш көзбен қарайды. Әлгі міскін әйел, өзі де аш, аналық аянышпен көп ойланбастан кішкентай қыздарына қолындагы құрманы екіге боліп қыздарына береді.  Өзі аш қалады. Осыны көрген Аиша р.а. кешкісін Алла Елшісіне с.а.у. болған жайтты айтып береді. Сонда Алла Елшісі с.а.у.: "Алла ол әйелді істеген жақсылығымен тозақтан құтқарады", деп айтады. 
(Бухари, Муслим)
 
©️ Б. Жанақ (ауд)
Дін, ислам, насиxат, xадис, жақсылық, игілік, ізгілік, садақа, құрма, пайғамбар, саxаба
Berikbol ZhanakBerikbol Zhanak
12 күн бұрын 552
0 пікір